Жомарт жанды қарасайлық Арайлым Акимова өз ісін бастағысы келетін аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматқа қол ұшын созып, оның жеке кәсібін бастауға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. Ауданымыздың қайырымды азаматтары әрқашанда жақсылық жасаудан жалыққан емес. Көмекке зәру жандарға жәрдем беруге асығатын жандардың қолдауымен өтіп жүрген сауабы мол істер саны күннен-күнге артып келеді. Бүгін, міне, біз тағы бір қарасайлық жомарттың қайырымды ісіне куә болдық. Қарасайлық Арайлым Акимова аудандық пробация қызметінде есебінде тұрған Үштерек ауылының тұрғынына өз ісін бастауға көмек көрсетті. Нақтырақ айтқанда, ауданымыздың пробация қызметінде есебінде тұрған Үштерек аулының тұрғыны осы уақытқа дейін өзінің кішігірім тауық өсіретін фабрикасын ашып, жеке ісін бастағысы келген. Алайда, карантин кезінде жұмысынан айырылып, қаражат жағынан қиындық көре бастаған. Азаматтың бұл жағдайын көрген аудандық пробация басшылығы әр игі істің басы-қасында жүретін жомарт жүректі қарасайлық азаматтардың көмегіне жүгінген. Осылайша қиын жағдайда қалған үш балалы әкенің мәселесін естіген Арайлым Алтайқызы өз тарапынан барынша көмек көрсетіп, қол үшін беруді жөн санаған. Өз қаражатына балапандарды өсіруге арналған жылу шамы бар «Брудер» құрылғысын сатып алған. Бүгін, міне, ол құрылғыны пробация қызметкерлерімен бірге, ісін бастағысы келіп отырған азаматтың үйіне барып, оған сәттілік тілей отырып, сыйға тартты. Осылайша қарасайлық жомарт жан бүгін ауданымыздың тағы бір отбасына өзін ісін бастап, аяққа тұруға мүмкіндік беріп, қуаныш сыйлады. Мұндай көмекті күтпеген азамат жеткізілген сыйды бар ризашылығымен қабылдап, Арайлым Акимова мен аудандық пробация басшылығына шексіз алғысын білдірді. Тағы бір айта кететіні, кездесу барысында аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Балажанова Арайлым Алтайқызының игі ісіне тәнті болған аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенованың жылы лебізін жеткізіп, Алғыс хат табыстады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь