Жетісулық кәсіпкерлер Үкіметтен қолдау шаралары бойынша сауалнамаға қатысты

0
812

Алматы облысының 1000-нан астам кәсіпкерлік субъектісі Үкіметтен қолдау шаралары бойынша сауалнамаға қатысты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы өңірлік Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп бір ай ішінде қолдау шараларын әзірлеуді тапсырған болатын. Сондықтан Ұлттық палата кәсіпкерлерге онлайн сауалнаманы іске қосты. Сауалнама 15 ақпанға дейін жалғасады.

«Сауалнама нәтижелері мен кәсіпкерлермен талқылауларға негізделе отырып, Ұлттық палата ҚР Үкіметінде қарау үшін шағын және орта бизнесті қолдау шараларын ұсынатын болады. Бұл жауаптар кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын бағалауға, бизнес проблемаларын жеткізуге және одан әрі қолдау шараларын әзірлеуге көмектеседі», – деп атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дәурен Оналбаев.

Сауалнама онлайн режимінде ҰКП сайтында және Алматы облысы ӨКП әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді.

Сауалнаманың сілтемесі төменде көрсетілген: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeZh_v6pl7ycO_Qhmh68w_EggtZf1Hk1wkZuU6BaexqjDmLjQ/viewform

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь