Жетісуда дрондар бақ сынасты

0
322

Елімізде алғаш рет «JETISÝ Эрон дрон» деген атаумен республикалық дрондар додасы өтіп, оған әр аймақтан 25 команда қатысты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «JETISÝ Media» ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.

Ерекше жарысты Алматы облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау орталығы қолға алған. Жобаның басты мақсаты – Жетісудың киелі жерлерін насихаттау арқылы ішкі туризмді дамытуға жәрдемдесу мен жастардың ақпараттық және цифрлық  технологиялар саласындағы шеберлігін шыңдау, цифрлық сауаттылығын арттыру әрі Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістіктегі имиджін қалыптастыру.

Мұндай жобаның жүзеге асуына Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы басты себепке айналды деп айтуға болады. Өйткені соның аясында 2017 жылдан бері «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы да атқарылған болатын. Соның нәтижесінде Алматы облысында арнайы комиссия ұйымдастырылып, тізімге түспеген 500-ге жуық қасиетті нысан анықталды. Ал 50-ден астамы республикалық комиссияның талқысанан өтіп, Қазақстандағы жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар нысандарға енді. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Осындай қасиетті нысандарды туризмнің көзіне айналдыру бағытында Жетісу жерінің киелі жерлерін ел ішінде және шет мемлекеттерде насихаттау, сол арқылы ішкі туризімнің дамуына қолдау көрсету басты назарға алынуда. Міне, жоғарыда атап өткен құлтемір техникасы мен пилотсыз ұшу аппараттарын меңгеруді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған жарыс соның бір айғағы деуге болады.

«Дрон-рейсингті дамыту Қазақстан үшін қадам. Бірнеше жылдан бері коптерлер жарысын жүргізіп келе жатқан басқа елдердің тәжірибесі бойынша, қазір бұл өте маңызды және қажет деп айта аламын. Біздің материалдарымыздың негізінде жастар робот жасау, қол моторикасын пысықтайтын болады. Қазақстан мұнымен тоқтап қалмай, дрон-рейсинг дәстүрге еніп, тұрақты түрде өткізгенін қалаймыз», — дейді жарыстың жеңімпазы  Ярослав Бартули.

Айта кетейік, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жоба еліміздің тарихи-мәдени және символикалық киелі негіздеріне сүйенеді. Себебі туризм саласын дамыту халықтың киелі жерлерге деген қызығушылығын  арттыруға септігін тигізеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь