Жазасын өтеушілер қоғамдық жұмыспен айналысуда

0
102

Қарасай аудандық пробация қызметі бөлімінің есебіндегі 10 сотталушы азамат 2021 жылдың басынан қоғамдық жұмыстарға тартылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Олардың көпшілігі мәдени орындарында тазалауға жұмылдырылған. Соттың шешімімен қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылған адамдардың негізгі жұмысы, жеке кәсібі болса немесе оқу орындарында оқып жатса, тәулігіне 4 сағат қоғамдық жұмыс істейді. Ал егер олардың қолдары бос болып, тұрақты жұмысы болмаса, тәулігіне 8 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегілуі мүмкін. Бұл адамдардың жұмысы тегін. Олар негізінен тағайындалатын жұмыстар – көше тазалау және безендіру. Сондай-ақ, олар жазда қоқыс жинаумен, қыста қар тазалаумен айналысады. Дегенмен, бас бостандығын шектеудің баламасы ретінде енгізілген мұндай жазаға мойынсұнбайтындар да кездеседі. Тәртіп бұзғаны үшін осындай жазаға кесілген адамдар көше тазалаудан бас тартқаны үшін қамауға алынады.

Ауданымызда қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылған адамдар істеген ісін мойнымен көтеріп, арланбай, қоғам үшін пайдалы жұмыстарын толық көлемде орындауда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь