Жауапты бөлімге жаңа басшы тағайындалды

0
100

Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Жауапты бөлімнің басшылық қызметін бүгіннен бастап осы уақытқа дейін Іргелі ауылдық округі әкімдігінде бас маман болып қызмет атқарған Ескенді Егеубек атқаратын болады.

Егеубек Ескендір Егізбекұлы – 1990 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Береке ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012 жылы Алматы энергетика және байланыс университеті коммерциялық емес АҚ-ның «техника және технологиялар» мамандығы бойынша білім алған.  Еңбек жолын 2013-2015 жылдары аралығында Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған. 2015-2017 жылдары аралығында Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 2017-2018 жылдары аралығында Қарасай ауданы әкімінің көмекшісі, 2018-2020 жылдары аралығында Іргелі ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2020-2021 жылдың ақпан айына дейін Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2021 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь