Жанып жатқан дүкеннен 48 жастағы әйелді құтқарып қалды

0
222

Алматыда өрт сөндірушілер жанып жатқан дүкеннен әйелді алып шықты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өрт бүгін таңертең «Таугүл» шағынауданында шыққан. Қалалық ТЖД хабарлауынша, тауар қойылған ағаш сөрелер жанған. Жалын екі қабатты «Береке» дүкенінің бірінші қабаты қабырғаларының ішкі қаптамасына тараған. «Ғимараттан көзді ашытатын түтін будақтаған. Көрші үйлердің тұрғындары үрейленіп, жинала бастаған. Өртті барлау және куәгерлермен сұхбат жүргізу кезінде дүкен ішінде оның қызметкері 48 жастағы әйелдің қалғаны анықталған. Бұл туралы өртеніп жатқан дүкеннен шығып үлгерген оның әріптесі айтқан. Үрейленген әйелді өрт сөндірушілер сабырға шақырып, дүкен бөлмелерінің қалай орналасқанын егжей-тегжейлі біледі», — деді ведомствода.

Әйелді құтқару үшін құрамында бөлімше командирі бар 1-МӨСБ газ-түтіннен қорғау қызметі дереу дүкен ғимаратының ішіне кірді. Кассалық аппараттың артында дүкен ішінде тағы үш бөлме бар екені белгілі болды. «Жәбірленуші бөлмелердің бірінен (дәретханадан) табылды. Әйел дымқыл орамалмен тыныс алуға тырысқан, бірақ ес-түссіз жатқан. Өрт сөндірушілер оны таза ауаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Келген медициналық бригада зардап шегушіні Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының токсикология бөліміне жатқызды»,- деп атап өтті департаменттен.

Өрт сөндірушілер келген сәттен бастап жалын 15 минут ішінде ауыздықталды, жалпы аумағы 8 шаршы метрге тараған өрт 6:51-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 8 техника, жеке құрамнан 20-дан астам адам, сондай-ақ өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь