Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ТМД бойынша үздік бестікке енді  

0
832

Алматыда орналасқан Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ТМД елдері бойынша үздік бестікке енді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«ТурСтат» туристік порталы ТМД елдеріндегі үздік филармониялардың рейтингін жасады. Бұл сараптама көрерменнің филармонияда өтетін концерттерге баруы және оның сайтындағы және әлеуметтік желідегі парақшаларындағы классикалық музыка концерттерінің онлайн трансляциясын тамашалауы үшін жасалған. Алғашқы үздік бестікке Мәскеудегі мемлекеттік академиялық филармония, Шостакович атындағы Санкт-Петербург академиялық филармониясы, Минскідегі Беларусь мемлекеттік филармониясы, Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы және Бакудегі Мүслім Магомаев атындағы Әзербайжан мемлекеттік академиялық филармониясы енген. Бағалау кезінде филармонияның танымалдығы мен оның онлайн көрсетілетін концерттеріне талдау жасалып, соның нәтижесі ескерілген.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь