Жалпы аудандық сенбілік

0
1764

Ауданымызда «Таза бейсенбі» атты тазалық шарасы өтті, деп хабарлайды Karasaiynfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Аудан әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы №91 Қаулысы негізінде, 15 наурыз бен 15 мамыр аралығында, аудан аумағындағы елді мекендерде санитарлық тазалық және көріктендірудің екі айлығы өтуде.

Осы орайда бүгін аудан бойынша «Таза бейсенбі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Оған ауданымыздың жеке кәсіпкерлері мен тұрғындары, барлығы 500-дей адам қатысып, 30 техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында  ауданымыздың барлық ауылдық округтерде көше бойын, аула, үй маңдарын қоқыстардан тазалау, арықтарды жөнге келтіру, ағаштарды ақтау сияқты жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, республикалық және облыстық маңыздағы трассаларда да тазалау жұмыстары өтті.

Ауданымыздағы тазалыққа бағытталған бұл науқандық жұмысқа ұйымшылдықпен жұмыла атсалысу әрбір қарасайлықтың тұрғындық міндеті деп білеміз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь