Жаңадан құралған соттың құрамы таныстырылды

0
1365

Ауданымызда жаңадан облыстық №2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ашылып, бүгін аудандық соттың ғимаратында өткен жиында Алматы облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сот алқасының төрағасы алдағы уақытта аталмыш соттың құрамында жұмыс істейтін қызметкерлерді таныстырды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. 

Шілденің бірінен, яғни, бүгіннен бастап елімізде әкімшілік Процедуралық-процессуалдық кодекстің күшіне енгендігіне орай, еліміздің бірқатар облыстары мен қалаларында, соның ішінде біздің ауданда мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар құрылды.

Осыған байланысты бүгін аудандық соттың ғимаратында жаңа соттың құрамымен таныстыруға арналған жиын өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов, аудандық сотының төрағасы Мәди Көшікбаев пен бірқатар мекеме өкілдері қатысты.

Басқосу барысында Алматы облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сот алқасының төрағасы Жанат Тазабеков жаңа соттың басшысы ретінде тағайындалған өз саласында көп жылдық еңбек өтілі бар Мэлс Идирисов пен бес судьяның еңбек жолы жайлы толығырақ ақпарат беріп өтті. Мұнан кейін, жиынға қатысушылар жаңа сотқа бөлінген кабинеттердің ішін аралады.

Айта кетейік, жаңа сот азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынастағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь