Жұмабек жұмыстан кеткені рас па? Түркістан полициясы жауап берді  

0
149

Соңғы күндері желіде аты көп аталған «Жұмабек жұмыстан шықты» деген ақпарат тарады. Бөлімше басшысы лауазымынан айырылғаны рас, бірақ ішкі істер органдарында қалады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзовадан білді, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы.

Qumash telegram-каналында Жұмабек Төлеген қызметінен кеткені туралы ақпарат шыққан. Бірақ онда полиция қызметкері ішкі істер органдарында қалатыны айтылмаған.

«Ақпарат дұрыс тарамаған. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің тармақшаларын және Полиция стандарттары туралы бұйрықты бұзғаны үшін Түркістан облысы ПД тәртіптік комиссияның шешімімен Отырар аудандық полиция бөлімі Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Жұмабек Төлеген лауазымынан босатылды», — деді ведомствоның ресми өкілі.

Салтанат Қаракөзованың айтуынша, Жұмабек Төлеген қазіргі лауазымынан айырылса да, ішкі істер органдарынан кеткен жоқ. Департамент өкілі «Жұмабек Отырар ауданындағы кәсіби мамандардың бірі» екенін айтты.

Еске салайық, таяуда әлеуметтік желілерде видео тараған, онда қарсы жолмен келе жатқан көлікті полицейлер тоқтатқаны, бірақ жүргізуші тәртіп сақшысының сөзін елемей, «Жұмабекке хабарлас» деп оқиға орнынан кетіп қалғаны көрінеді.

Түркістан облыстық ПД өкілдері жүргізуші ұсталғанын, ал оны жібере салған қызметкерге қатысты тексеріс жүріп жатқанын хабарлаған.

Кейін Жұмабек деген кім екені анықталған еді. Өңірлік полициядағылар Отырар аудандық ПБ-да шын мәнінде Жұмабек Төлеген деген полиция майоры жұмыс істейтінін мәлімдеген. Ол әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, оның қоластында екі қызметкер болған.

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь