Зейнетақы төлемдері басқаша есептеледі

0
99

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемді есептеу әдістемесі өзгереді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері жылдық соманың он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем емес мөлшерде беріледі. Бұрын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан кем болмаған.

«2021 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі – 6,5 пайыз», – делінген БЖЗҚ сайтында.

Ал одан кейінгі жылдары ай сайынғы төлем 5 пайызға артып отырады.

Мәселен, зейнетақы жинағында 6 миллион теңге бар делік. Бір жылда сізге оның 6,5 пайызы беріледі, бұл – 390 мың теңге. Оны әр айға бөлсек, 32 500 теңгеден шығады. Ал келесі жылы ай сайынғы төлем 5 пайызға артады, яғни, 34 125 теңге болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь