Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға вакцина салуға рұқсат етілді

0
281

Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы ақпаратты Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі жария етті.

Ведомствоның хабарлауы бойынша, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер мен Ұлттық техникалық иммунологиялық сараптама келісіміне сәйкес, ата-аналары немесе қараушылары рұқсат еткен жағдайда жасы 12-ден асқан балалар Pfizer вакцинасын ерікті түрде салдырта алады.

«12-15 жас аралындағы балаларға өткізілген Pfizer вакцинасының клиникалық сынамалары жақсы нәтиже көрсетті. Осындай кеңесті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да беріп отыр», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, аталмыш министрліктің сөзіне сүйенсек, қыркүйектің ортасында елге Pfizer вакцинасының 1,2 миллион дозасы жеткізілді. Бұл препарат Өзбекстанда пайдалануға рұқсат етілген бесінші вакцина болып отыр.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда вакцина салу науқаны 1 сәуірден бастау алды. Вакциналау AstraZeneca, ZF-UZ-VAC2001, «Спутник-V», Moderna және Pfizer препараттарымен жүзеге асырылады. Бүгінгі күні республикада 4 миллион адам толығымен вакцина алған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь