Зағипа Балиева жаңа қызметке тағайындалды

0
66

Мәжілістің экс-депутаты Зағипа Балиева Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университетінің проректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Балиева тағайындалғанын телефон арқылы әңгіме барысында растады.

«Бүгін Директорлар кеңесінің отырысы өтті, онда мені қызметке бекітті. Бүгіннен бастап жұмысқа кірістім. Маған стратегия, инфрақұрылымдық дамыту, құқықтық мәселелер, цифрландыру мәселелері тапсырылды. Менің ойымша, мұның бәрі таныс, мен ХҚКО-да да жұмыс істедім, бағдарламалармен де жұмыс істегенмін», — деді ол.

Жаңа лауазымда жұмыс істеу үшін Балиева Нұр-Сұлтаннан Алматыға көшті. Ол Алматы облысында анасы тұратынын атап өтті.

Зағипа Балиева университетте 8500-ге жуық студент білім алып жатқанын айтты.

«Студенттер өте көп екеніне қуаныштымын. Бұл жастар, бұл балалар, мен оларды өте жақсы көремін. Біз жұмыс істейміз. Университеттің көптеген зертханасы, зор ғылыми әлеуеті, керемет кафедралары, керемет ұжымы бар», — деді деді Балиева.

Еске салайық, Зағипа Балиева IV және VI шақырылымдарда Мәжіліс депутаты болған. Әр жылдары әділет министрі, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы, Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметтерін атқарған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь