Қытайлық «CoronaVac» вакцинасының алғашқы партиясы келді  

0
83

Алматы қаласының әкімдігінің мәлімдеуінше, бүгін Қытай Халық Республикасымен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша, арнайы бортпен қалаға «CoronaVac» вакцинасының алғашқы партиясы келді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы сілтеме жасап.

 

Препаратты қытайлық «Sinovac Biotech Ltd» биофармацевтикалық компаниясы шығарған. Қытайлық «CoronaVac» вакцинасының алғашқы партиясы 500 мың дозадан тұрады. Бұл препарат жақын күндері Қазақстан азаматтарына COVID-19 коронавирусқа қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болатын төртінші препарат болады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, келіп түскен вакцинаның партиясы қазақстандық және ресейлік қолда бар вакциналарымен қатар елдің барлық егу пункттерінде қолжетімді болады.

«CoronaVac» вакцинасын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағында қолдануға мақұлдады және елде қолданылатын «QazVac», «Спутник V» және «Hayat-Vax» вакциналарының тізбесін толықтырады.

«CoronaVac» вакцинасында белсенді емес, белсенді зат «SARS-CoV-2» антигені бар. Бір құтыда 0.5 мл/доза, препарат 14-28 күн аралығымен екі рет вакцинациялауды көздейді. Вакцинацияға 18 жастан асқан тұрғындар санаттары жатады. Вакцина +2+8 градус температурада сақталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь