Қытайда вирустан көз жұмғандар саны күрт өсті

0
598

«Синьхуа» агенттігінің мәлімдеуінше Уханьда коронавирустан қайтыс болғандар саны өзгерді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Вирустан көз жұмғандар саны 3 869 адамға жетті. Осы қалада барлығы 503 333 адам коронавирустық инфекцияны жұқтырса, соңғы деректер бойынша бұл көрсеткішке тағы 325 факті қосылып отыр. Құзырлы органдар мұндай айырмашылықты індет басталғанда көптеген пациенттің медициналық ресурстардың жетіспеуінен үйде қайтыс болуымен байланыстырады. Ал, медицина қызметкерлері жұмыстың тым көптігінен жаңа деректерді хабарлап үлгермеген. Мұндай статистикалық сәйкессіздік инфекцияны емдеуге жұмылдырылған медициналық мекемелердің көптігінен де болуы мүмкін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь