Қытай мегаполистерінде коронавирус қайта өршіді

0
136

Cоңғы тәуліктерде Қытайдың Тяньцзинь және Шанхай сияқты мегаполисінде 8 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚХР Денсаулық сақтау және гигиена жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 24 қарашасындағы жағдай бойынша Қытайда коронавирусты жұқтырудың 16 жағдайы расталған, оның ішінде Шанхайда – 14 (шетелде жұқтырылғаны – 9, жергілікті – 5), Тяньцзиньде – 2 (барлығы жергілікті).

Тяньцзинь қаласының жаңа Биньхай ауданының барлық тұрғындары сенбіден бастап 2-3 күн ішінде коронавирустың нуклеин қышқылдарына тексеріледі. Қытай мегаполисінің шағын ауданы эпидемиологиялық қаупі жоғары аудандар санатына ауыстырылды.

Жалпы, Қытайда коронавирус індеті басталғаннан бері 86 адам 414 адам вирус жұқтырған, қазіргі уақытта 308 пациент емделуде, 4634 адам қайтыс болды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь