Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті  

0
135

Садыр Жапаров мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Президенттің міндетін атқарушы — Жогорку Кенеш (Парламент) төрағасы Талант Мамытов Садыр Жапаровтың премьер-министр өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, министрлер кабинеті де отставкаға кетті.

Үкімет мүшелері жаңа құрам құрылғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болды. Қырғызстан премьер-министрінің міндетін атқарушы Артем Новиков болады.

Министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы шешімді Садыр Жапаров ОСК дауыс беру қорытындыларын ресми жариялағаннан кейін қабылдады. Елдің алтыншы президентін ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді.

Айта кетейік, Қырғызстандағы мерзімінен бұрын президенттік сайлау Қазақстандағы парламенттік сайлаумен бір күні — 10 қаңтарда өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Қырғыз басшысы шақыруды қабылдап, президент ретіндегі алғашқы сапарын Қазақстанға жасайтынын айтты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь