«Vogue» журналы бірінші рет ақ мұқабамен шығады

0
677

Италиялық «Vogue» сән журналының бас редакторы Эмануэль Фарнети өзінің Instagram парақшасында журналдың келесі саны коронавирустен қайтыс болғандарды еске алу үшін ақ мұқабамен шығатыны туралы пост жариялады. Ол ақ түсті «құрмет, жаңару және үнсіздік» белгісі ретінде таңдағанын атап өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы inform.kz және «Dailymail» басылымына сілтеме жасап.

Журналды ақ мұқабамен шығару туралы идея шығармашылық директоры Фердинандо Вердериге тиесілі. Эмануэль Фарнети көп уақыт жұмыс істеген жобаларды кейінге ысырып қойғанын мәлім етті. Оның айтуынша, журналдың бағыты шынайы өмірден алыстамауы керек.

Ол Instagram парақшасында ақ мұқабамен жарық көрген журналдың суретімен бөлісіп, «Vogue Italia-ның сәуірдегі шығарылымы 10-ы, яғни, жұма күні жарық көреді» деп жазды.

Нөмірде карантин кезіндегі сән тақырыбы қозғалады. Нөмірді шығару үшін 40-тан астам қызметші (фотографтар, сәнқойлар, стилистер, креативті директорлар, визажистер) жұмыс істеген. Олар өзіне, отбасы мүшелеріне немесе достарына интернет арқылы сән үлгісін көрсету үшін жеке коллекциясындағы киімдерді пайдаланған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь