Владимир Путин премьер-министр Асқар Маминді марапаттады

0
535

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминді марапаттады, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

– «Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин «Достық» орденімен марапатталсын», – делінген жарлықта.

Мамин премьер-министр лауазымына 2019 жылғы ақпанда тағайындалған. Бұған дейін 2016 жылғы қыркүйектен бастап ол премьер-министрдің бірінші вице-премьері болды. 2008-2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ты басқарған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь