Видеосабақ дайындаған мұғалімдерге сыйақы беріледі

0
1338

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Instagram желісіндегі тікелей эфирде қазіргі еліміздегі төтенше жағдайға қарамастан өздерінің қолдауларын білдіріп, видеосабақ дайындауға көмектесіп жатқан 80-90 мұғалім бар екенін айтып өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Қашықтан оқуға көшкен кезде бәрі: «Мұғалімдердің жалақысын көтерудің не қажеті бар? Балалар сабақты өз бетімен оқиды ғой. Сынып жетекшісіне үстемақы төлеудің не қажеті бар?» – деген еді. Мен мұғалімдер өте үлкен жұмыс істеп жатқанын айтар едім. Қазіргі уақытта мұғалімдер жалақысын толық көлемде барлық үстемесімен қоса алып отыр, – дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Ол мұғалімдердің төтенше жағдай кезіндегі жүктемелері үшін мемлекет тарапынан қандай қолдау болатынын айтты.

– Төтенше жағдайға қарамастан бізге көмектесіп, видеосабақ дайындауға көмектесіп жатқан 80-90 мұғалім бар. Біз оларға сыйақы беру керек деп шештік. Кейбір аймақта да осындай шешім қабылданып жатқанын білемін. Министлік мұндай шешімді әрдайым қолдайды. Мұның бәрі мектеп бюджетіне байланысты шешіледі, – деп толықтырды министр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь