Вакциналау кезеңдерінің интервалы ұзартылды

0
215

Қазақстанда ресейлік «Спутник V» вакцинасының екінші дозасы бұрынғыдай 21 күннен кейін емес, 45 күн өткен соң егіледі, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Бұл туралы өзгерісті КР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулысында түсіндірді.

Жаңа қаулыға сәйкес, егер азаматтар белгілі бір себептермен II компонентті 45-ші күні салдыра алмаса (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге шығу және басқа), вакциналауды 90 күн ішінде жүргізуге мүмкіндік беріледі.

Бұл талап «Спутник V» вакцинасын 21 сәуірден бастап алған адамдарға қатысты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь