Вакцина әзірлеушілердің жалақысы көтеріледі

0
126

БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева коронавирусқа қарсы «QazVac» қазақстандық вакцинаны әзірлеумен айналысатын Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының еңбекақысы көтерілетіндігі туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

– Ғалымдардың жалақысын көтеруге қаражат бөлінді. Институттың ғылыми қызметкерлерінің орташа жалақысы 325 мың теңгеден басталады. Әкімшілік және қызмет көрсету қызметкерлерінің жалақысы 250 мың теңгеге дейін болады. Сонымен қатар, институттың ғылыми зерттеулеріне 2022-2024 жылдары еліміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне жылына шамамен миллиард теңгеден 2,8 миллиард бөлінді, – деді Құрманғалиева ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, қазір институт жанында ҒЗИ қызметкерлеріне үш үй салынып жатып, бұл – 180 пәтер.

– Жақында ғана республикалық бюджеттен осы 180 пәтерге тұрмыстық техника, жиһаз және өзге де жабдықтар сатып алуға 293 миллион теңге бөлінді. Яғни, біздің ғалымдар мен институт қызметкерлері осы пәтерлерге қоныстанғанда, онда барлық қажетті зат тұрады, – деді ол.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь