Украинада қазақ тілі мектебі ашылды

0
383

Таяуда, нақтырақ айтқанда, қаңтар айының 30-ы күні Украинаның Харьков қаласындағы Қазақстан Республикасының құрметті консулдығында «Шаңырақ» атты қазақ тілі мектебінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ztb_kazakhstan әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап.

Аталмыш мектепте алғашқы күні балаларға шаңырақ деген не, ол нені бейнелейді және не үшін қолданылатыны түсіндірілді. Сондай-ақ, оқушылар мұнда бірнеше қазақ сөздерін үйреніп, өз қолдарымен бұйымдар жасауды, әндер айтып, Қазақстан Әнұранын шырқауды да үйренді.

– Бұл қазақ тілі мектебі оқушыларының бүгін сабақта білгендерінің аз ғана бөлігі. Алда әлі де қызықты және танымды іс күтіп тұр, – дейді Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің баспасөз қызметі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь