Уханьда бірнеше айға созылған карантин аяқталды

0
663

Індет ошағы саналған Уханьда 76 күнге созылған карантин аяқталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, Ухань қаласы қаңтардың 23-і карантинге жабылған болатын. Екі айдан астам уақыт бойы шаһар жабық болды. Ал, наурыздың 25-інен бастап денсаулығы жақсы деген анықтамамен қалаға кіруге рұқсат етілді. Сондай-ақ, бұнда әуе, құрлық және теңіз арқылы жүретін көлік қозғалыстарының жұмысы жанданды. Халық та сыртқа шыға бастады. Көлік қозғалысын тежеу үшін орнатылған барлық бөгет алынып тасталды. Қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауда. Барлық жолаушылардың дене қызуы мұқият тексеріліп отырады. Ал, бүгін әуежайда 10 мың жолаушы легін тасымалдайтын шамамен 200-ге жуық рейс ұшатын болады. Алғашқы ұшақ Хайнань провинциясындағы Санья қаласына қонады. Сонымен қатар, бүгіннен бастап автобус пен темір жол қатынасы да жандана бастайды. Қаланың ашылуына қарамастан бұндағы тәртіп қатаң. Эпидемияның қайта басталмауы үшін барлық шаралар қолға алынған. Қоғамдық орындарда жиі дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп отырады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь