Уақытылы тапсырылмаған статистикалық есеп үшін айыппұл салынбайды

0
526

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше Статистика комитеті респонденттерге уақытылы есеп бермегені үшін айыппұл салуды шегерді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Төтенше жағдай кезінде респонденттерге қатысты ҚР ӘҚК-нің 497-бабы бойынша осы кезеңдегі бастапқы статистикалық деректерді беру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалмайды; бұрын салынған айыппұл санкциясы бойынша айыппұл алынбайды және оларды мәжбүрлеп өндіру үшін материал жолданбайды», — делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2020 жылғы 23 наурызда ҚР Президенті құқық қорғау және фискалдық органдар тарапынан кәсіпкерлерге кез келген қысымды, оның ішінде, әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмауды тапсырған болатын.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь