Токиолықтар Олимпиада ойындарының өтуіне қарсы

0
1007

Жапония астанасында Олимпиада ойындарының өтуіне қарсылық білдірген халық ереуілге шықты, — деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, тұрғындар спорттық шарадан кейін коронавирус індетінің ушығып кетуіне алаңдаулы.

Ұлттық стадион алдында жиналғандардың сөзінше, пандемия кезінде жарысты өткізу орынсыз. Сонымен қатар, наразылар «Олимпиаданың кедейлерге кесірі тиеді» деп ұрандатты.

Олардың айтуынша, қазірдің өзінде Жапония билігі қазынадан 15 миллиард 4 миллион доллар қаражат жұмсаған. Ал халықаралық олимпиада комитеті болса телекөрсетілім арқылы бұл сома өтеліп миллиардтаған кіріс келетініне сенімді.

– Соңғы кездері Олимпиада ойындарына қарсы шыққандардың саны артып барады. Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуы себеп. Бұл алаңдадатын жайт. Сонда да шараны тоқтату мүмкін емес сияқты. Тіпті айтарға сөзім жоқ, – дейді жергілікті тұрғын Кумико Суто.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь