Тоқаев: Қазақстан әлемде өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында

0
106

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әлем бойынша вакцина шығарған бірнеше елдің қатарында екенін айтып, мамандарға алғыс білдірді, — деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматқа қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!» — деді Тоқаев Тwitter-парақшасында.

Бұған дейін коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасын егу науқаны 26 сәуірде басталатыны хабарланған еді.

22 сәуірде Қазақстан өңірлеріне ҒЗИ базасында өндірілген қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасының бірінші партиясы жөнелтілген болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь