Тоқаев Алматыда ағаштарды кескендерді жазалауды тапсырды

0
825

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Алматы қаласының Төле би көшесіндегі ағаштардың кесілуіне қатысты жағдайға назар аударды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында былай деп жазды: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік терксеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды. Мемлекет басшысы 2019 жылы 29 қазанда Алматыда қала проблемаларына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде мегаполистің экожүйесіне ұқыпты қараудың, шаһар тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасаудың ерекше маңызды екенін мәлім еткен болатын».

Еске сала кетсек, 23 қарашада түнде Алматыда сауда үйінің жанындағы жайқалған емен мен қарағаш оталды. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде наразылық білдірді. Осыған қатысты қала әкімдігі өзі мәлімдемесін де жасаған болатын.Олардың хабарлауынша, қазір аудан әкімдігі мен Полиция Департаменті кесілген ағаштардың тұқымы мен сапасын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Айыпты тұлғалар анықталған соң Полиция Департаменті оларды жауапкершілікке тартады. Сонымен қатар, қала әкімдігі толығырақ ақпаратты анықтау жұмыстары аяқталған соң жариялайтынын да жеткізді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь