Тоқаев Қабдеш Жұмаділовтің отбасына көңіл айтты  

0
85

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады, — деп хабарлайды karasayinfo.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Қабдеш Жұмаділовтың қаламынан шыққан туындылар дәуірдің жүгін, замана келбетін, қоғамның үнін айқын көрсете білген еді. Соның ішінде қилы кезеңді бастан кешкен халықтың тағдырын арқау еткен романдары мемлекет және қалың көпшілік тарапынан жоғары бағасын алды. Қарымды қаламгер еліміздің рухани саласын дамытуға мол еңбек сіңірді. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із, сарқылмас мұра қалдырған Қабдеш Жұмаділовтың есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады», — делінген жеделхатта.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь