ҚТК басшысының экс-орынбасарына ірі көлемде айыппұл салынды

0
255

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» (ҚТК) басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Асқарбек Өсербаевқа пара алғаны үшін 72 миллион теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

– 12 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотымен «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» басқарма төрағасының орынбасары Өсербаевқа 72 миллион теңге, параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров брифинг барысында.

Өсербаев 17 ақпанда «ФН Менеджмент» ЖШС директоры Тәжібаевтан мүлікті басқару жөніндегі ұйымның қызмет көрсету шарты аясында орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін 2,4 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінді.

– Осы үкіммен ЖШС директоры Тәжібаевқа 48 миллион теңге айыппұл салынды, – деді Биғайдаров.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь