Тіркеуге алу жұмысы жүргізіледі

0
149

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-V «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 3-тарауының 16-бабына сәйкес, 2004 жылы туылған жасөспірімдер 2021

жылдың 11-шы қаңтарынан 31-ші наурызына дейін шақыру учаскесіне тіркеуге алынатынын хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Қарасай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне сілтеме жасап.

Әскери есепке тіркеуге 2004 жылы туылған азаматтар, Қарасай ауданының аумағында тұрақты және уақытша тұратын азаматтар, жасы ұлғайған азаматтар және әртүрлі себептермен бұдан бұрын тіркеуден өтпеген барлық азаматтар жатады. Тіркеу учаскесіне шақырылған барлық азаматтар Қарасай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру қағазында белгіленген уақытта іс-құжаттарымен келуге тиісті. Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне азаматтарды тіркеу учаскелеріне жеткізуді ауылдық округтерінің әкімдері, білім ұйымдарының директорлары қамтамасыз етулері тиіс (кестеге сәйкес). Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы негізінде кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың басшылары жеке меншік түріне қарамастан азаматтарды жұмыстарынан босатуы тиіс және Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуін қамтамасыз етуі қажет. Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыруға міндетті. Азаматтық хал актілерін жазу органдары жеті жұмыс күні ішінде аудандардың жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың тегін, аты мен әкесінің атын (ол болған кезде), туған күні мен жерін өзгерткені туралы, сондай-ақ, әскери міндеттінің немесе әскерге шақырылушының қайтыс болғаны тіркелген жағдайлар туралы хабарлауға міндетті. Халықты әлеуметтiк қорғау органдары жетi жұмыс күні ішінде аудандардың жергiлiктi әскери басқару органдарына мүгедек деп танылған барлық әскери мiндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы хабарлауға міндетті. Денсаулық сақтау ұйымдары әскерге шақыру басталар алдында жергілiкті әскери басқару органдарының сұрау салулары бойынша стационарлық емделуде болатын және диспансерлік есепте тұрған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтердi хабарлауға міндетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь