Tengri Bank бұрынғы басшысы ұсталды

0
158

Tengri Bank-тің бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкенов ұсталды. Ақпаратты қаржы мониторингі агенттігі растады деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Иә, 2021 жылдың 16 ақпанында ҚПК қызметкерлері ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде «Тенгри Банк» АҚ-ның (Tengri Bank) бұрынғы төрағасы Е.Б. Шайкеновті шынымен ұстады, тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілмеді», — деп хабарлады ведомстводағылар.
Бұған дейін Tengri Bank экс-менеджерлеріне халықаралық іздеу жарияланғаны хабарланған болатын. Олар Tengri Bank АҚ Әкімшілік-шаруашылық департаментінің бұрынғы директоры Бақытов Алмас Бақытұлы мен оның бақылауындағы компаниялардың бірінің басшысы Рахметова (Байжанова) Тоғжан Тілеужановна. Tengri Bank экс-менеджерлері 5,4 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінген.
Оның алдында Қаржы министрлігі Tengri Bank басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясов пен Алматы филиалы директорының бұрынғы орынбасары Әсет Жадықов ұсталғанын хабарлаған болатын. Бақтияр Ілиясов Tengri Bank басқарма төрағасының орынбасары — басқарма мүшесі лауазымында 2015-2017 жылдар аралығында, сондай-ақ 2017 жылғы желтоқсаннан бастап 2020 жылғы қаңтарға дейін жұмыс істеген.
9 қарашада Алматының тергеу соты Бақтияр Ілиясовқа, Әсет Жадықовқа және тағы бір сыбайласы Н. Жылқыбаеваға қатысты бұлтартпау шарасын — екі айға дейінгі мерзімге күзетпен ұстауды санкциялады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь