Тазалық жұмыстарына жазықты азаматтар да атсалысуда

0
174

Қарасай аудандық пробация қызметінің есебінде тұрғандар жергілікті атқарушы органдар айқындаған жерлерде тазалық жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалардың бір түрі қоғамдық жұмыстар екені атап кеткен жөн. Аталған жазаның өтеу тәртібі мен шарттары ҚР Қылмыстық кодексінің 43-бабында көрсетілген. Осыған байланысты аудандық пробация қызметінің есебінде тұрғандар жоғарыда атап өткен жаза түріне сай қала және елді мекендерде тазалық жұмыстарын атқарып, ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға атсалысуда. Мәселен, жақында Райымбек ауылдық округінің тұрғыны болып табылатын үш сотталған азамат жергілікті әкімдіктің нұсқауымен осы округте қоғамдық жұмыстарын атқарды. Ауа райының күрт бұзылуына байланысты түрлі тазалау жұмыстарын істеді.

Міне, осылайша құқық бұзушылар өздерінің еңбегімен қоғамға келтірген залалды түзетіп, оны халықтың алдында өтеуде. Жазасын өтеуші азаматтармен дәл осындай игілікті істер алда да атқарылатын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь