Тоқтаусыз көліктер жүретін тасжолдың бойында жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін жер үсті көпірінің салынуы маңызды. Өйткені, оның жоқтығынан көптеген көліктер де, адамдар да зардап шегетіні жасырын емес. Мұндай жағдайлар біраз қайталанып жатқанын естіп те, көріп те жатамыз. Қайғыға душар қылатын осындай оқыс оқиғалардың көбісі аудан аумағынан өтетін «Алматы – Бішкек» күре жолында талай орын алуда. Биылдан бастап дәл осы тасжолдың бойында үш бірдей жер үсті көпірі салына бастады. Оның құрылыс қарқынын бағамдау мақсатында сол жерге арнайы барып, көзімізбен көріп, мердігер мекеменің өкілімен тілдестік. Күре жолдағы жер үсті көпірлері Құмтоған, Алмалыбақ ауылдары мен «Үшқоңыр» автобекетінің маңайында салынуда. «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның тапсырысымен жүзеге асып жатқан бұл құрылысқа «Шымкентдорстрой» ЖШС толығымен жауапты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь