Таразда белгісіз біреу балаларға оқ атқан. Үшеуі ауруханада жатыр  

0
117

Таразда облыстық балалар ауруханасына оқтан жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала түсті. Бұл туралы полиция өкілі мәлім етті, — деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тараз қаласының полиция басқармасына облыстық балалар ауруханасына оқтан жарақат алған  үш кәмелетке толмаған бала жеткізілді деген хабарлама түсті. Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмысты жасаған күдікті анықталып, ұсталды», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Жасөспірімдердің жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төндіп тұрған жоқ.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етуге жатпайды.

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь