Таэквондошы қыздар – Спорт шебері атанды

0
427

Қарасайлық жас спортшы қыздар Қазақстан Республикасының «Спорт шебері» атағына ие болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Ашылғанына екі жылдан астам уақыт өтсе де Қарасай ауданының №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің осы уақытқа дейін жеткен жетістіктер жетерлік. Мұндағы білікті жаттықтырушылар өз шәкірттерін шыңдаудан жалықпай, олардың жеткен жетістіктерімен ауданның абыройын барынша асқақтатуда десек артық айтқандық емес.

Тәжірибелі тәлімгерден сабақ алып, байрақты бәсекелерде аты шығып жүрген осы мектептің екі жас спортшысына кеше ҚР «Спорт шебері» атағы берілді. Олардың бірі – жасөспірімдер арасында 7 дүркін ҚР чемпионы, 2019 жылы Иордания мемлекетінің Амман қаласында өткен Азия біріншілігінің күміс жүлдегері және дәл осы жылы Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Айдана Сүндетбай болса, екіншісі – жасөспірімдер арасында 3 дүркін ҚР чемпионы, 2019 жылы Иордания мемлекетінің Амман қаласында өткен Азия біріншілігінің қола жүлдегері Әмина Аширова.

Таэквондо спортын жанына серік еткен қыздарды спорт мектебінің басшысы Мәди Данағұлов арнайы құттықтап, «Спорт шебері» куәілігін салтанатты түрде табыс етті.

Айдана мен Әминаның осы бір мәртебелі атаққа жетуіне ұстамы мықты ұстазының да еңбегі зор деуге болатын шығар. Бұл ретте, әрине, қос бірдей аруға жеңіс жолын сілтеп жүрген, таеквондодан жоғары деңгейлі жоғары санатты жаттықтырушы, ҚР «Спорт шебері – Бекзат Аумолдаевты ерекше атап өтуге болады.

Спорт мектебінің шәкірттерінің осындай мерейлі жетістіктерімен жұмысы одан әрі жанданып, түрлі додаларда абыройы арта берсін дегіміз келеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь