«Таблиғи Жамағат» ұйымы жайлы білесіз бе?

0
390

«Таблиғи Жамағат» ұйымы Ислам дініне сай тазалықты ұстанбайды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Жоғарыда аталған ұйымға қатысты біраз мәліметті Қарасай ауданы бойынша біліктілігі бойынша деңгейдегі теолог Мағжан Құрман жан-жақты жеткізді. Оның айтуынша, елімізде кеңінен тараған «Таблиғи Жамағат» деструктивті экстремистік ұйымы осыдан 1926 жылы Үндістанда құрылған. Негізін қалаушы – Мұхаммед Ілияс Кандеһләуи. Ұйым Исламға шақыру, Исламды тарату мақсатында құрылған. Бұл ағым өкілдері дін таратуға үш күнге, бір аптаға, 40 күнге және төрт айға дейін шығып елді мекендерді аралап уағыз-насихат (өздерінің тілінде «дағуат») айтумен айналысады. Бұл ағымның негізін салушылар сопылық тариқаттардың өкілі болып, матуриди сенімін ұстанған.

«Таблиғи Жамағат» ұйым мүшелерінің белгілері олар ұзын шапан, сәлде киіп жүреді және ұқыпсыз сақалдары болады. Олар мешіт маңында жүрген немесе көшеде жүрген адамдарға өздерінің уағыздарын айтып, дінді өздерінше насихаттап, мұсылман екенін дәлелдету үшін кәлима айтқызады. Кейін өздерінің идеологиясына шақырып, осы ұйымның қатарын толтады.

Аталған ұйым мүшелерінің басқа мұсылмандармен айырмашылығы олар «Ислам» дініне сай тазалықты ұстанбайды, кір-қожалақ болып көше аралап жүреді. Отбасына қамқорлық танытпайды керісінше 40 күндік немесе 4 айлық «дағуат»-қа шыққанда отбасын Аллаға тапсырдық деп жиі тастап кетіп жүреді. Осыған байланысты, соңғылардың отбасы әлеуметтік, тұрмыстық қиыншылықтарды көруде. Осыған байланысты, 2013 жылдың 26 ақпанында Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотымен «Таблиғи Жамағат» ұйымы экстремисттік деп танылып, оның әрекетіне ҚР аумағында тиым салынған болатын.

Алайда, тиым салынғанына қарамастан осы ұйым мүшелері қазіргі уақытта жасырын түрде өздерінің идеологиясын таратып, өзара жиындар («дағуат», «мастурат», «иштимай») өткізулерін тоқтатпай, керісінше жасырын түрде ҚР аумағының түкпір-тікпірінен жиналып өздерінің идеологиясын жергілікті халық арасында насихаттап жүруде.

Осыған орай, «Таблиғи Жамағат» ДЭҰ бірқатар мүшелері өздерінің заңға қайшы іс-әрекеттері үшін сотты болған. Мысалы, Қарасай ауданы аумағында тұратын «Ж» есімді тұлға 2018 жылы «Таблиғи Жамағат» діни экстремистік ұйымының идеологиясын насихаттау әрекеттері үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 405 бабына сәйкес сотталған болатын. Қазіргі кезде, «Ж» бостандыққа шығып, оған жергілікті дін істер басқармасы және оңалту орталығының білікті теологтарының тарапынан бірқатар алдын алу және түсіндірмелік мәні бар жұмыстары жүргізіліп, соңғы «Таблиғи Жамағат» ДЭҰ мүшелігінен бас тартқан.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь