Тағы жүздеген қазақстандық қаржы пирамидасынан зардап шекті

0
102

Қарағанды облысында жергілікті тұрғындар 80 миллион теңге салым салған қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«Ақпанда Қарағанды облысында қаржы (инвестициялық) пирамидасының қызметі тоқтады. Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша 2020 жылы ұйымдастырушы салым сомасының теңгемен 18 пайыз және валютамен алты пайыз мөлшерінде жыл сайын табыс алу шартымен 80 миллион теңгеден аса соманы жеке тұлғалардан жинап алған», — делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша ҚК-нің 217-бабы 1-бөлігі «қаржы (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 180-нен аса жәбірленуші анықталған.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь