«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты пайда болды. Ол кімдерге беріледі?

0
1032

Үкімет қаулысымен жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бекітілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа гранттар 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастарға беріледі.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының мақсаты – талантты жастарға, олардың  инновациялық жобалары мен ғылыми-техникалық әзірлемелеріне қолдау көрсету, жастардың жаңа және жұмыс істеп тұрған стартап-жобаларын іске асыруға жәрдемдесу, жастар арасында шығармашылық қызметті танымал ету», — делінген құжатта.

Грант конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:

«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

Өтінімде:
жобаның сипаттамасы;
жобаның бейне таныстырылымы (алпыс секундтан аспайды);
шығыстар сметасының жобасы;
зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуға тиіс.

Грант жеңіп алған адам үш айда бір рет жобаның іске асырылу барысы туралы уәкілетті органға есеп ұсынады. Уәкілетті орган күнтізбелік бір жыл ішінде грант қаржысының мақсатты пайдаланылуын қадағалайды.

Егер жеңімпаз грантты мақсатты түрде пайдаланбаса, уәкілетті орган одан грант ақшасын қайтаруды талап етуге құқылы. Грант алушы қаражатты  уәкілетті органнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қайтаруға тиіс. Белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда, олар заңнамаға сәйкес өндіріп алынады.

Грант қаражаты қандай жағдайда қайтарылмайды, егер грант алушы:
қайтыс болса;
хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланса;
іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайларда (растайтын құжаттар болған кезде).
Грант санын жыл сайын Үкімет белгілейді.

Құжат 2021 жылдың 20 шілдесінен бастап күшіне енеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь