Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені салынады

0
614

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектебінің жаңа жобасымен танысып, мақұлдады. Саттарханов даңғылының бойынан бой көтеретін ғимарат заман талабына сай, әрі шаһардың жаңарған келбетіне сәйкес салынбақ, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ztb_kazakhstan әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.

Жаңа нысанның құрылысы жақын уақытта басталып, келер жылы пайдалануға берілмек. Аумағы 320 орындық болатын спорт кешенінде үлкен зал мен бірнеше жаттығу бөлмелері орналасады деп жоспарланған.

«Желілік саябақ» бойында, бұрынғы орнынан қайта бой көтеретін зәулім кешеннің айналасы толық абаттандырылып, көгалдандырылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь