Түркістан облысының тауларында тағы бір адам өлі табылды

0
215

Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты «Сайрам-Өгем» шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– 22 маусым сағат 11.50-де Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан, – деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.Мүрдені тасымалдау үшін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы оқиға орнына бара жатыр. Табылған мәйіт сараптама жасалу үшін полиция қызметкерлеріне табысталады. Іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылдырылған.

Еске салайық, 25 мамырда сағат 18.30-да «112» пультіне жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Іздестіру жұмыстары 27 тәулік бойы жалғасты. Бұған дейін 3 турист құтқарылса, тағы үш туристің мәйіті табылған болатын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь