Түркістан облысын дамытуға 3,6 триллион теңге бөлінеді  

0
107

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Әсет Ерғалиев Түркістан облысын дамытуға бөлінетін 3,6 триллион теңге қалай жұмсалатынын айтты, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министр Үкімет отырысында Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын таныстырды.

«Кешенді жоспар инвестициялық жобаларды іске асыруды, көлік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы, туризмді дамытуды, сондай-ақ қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді көздейтін 142 іс-шарадан тұрады», — деді Әсет Ерғалиев.

Өнеркәсіп саласында мұнай өңдеу зауытын, химия кешенін және тұрмыстық техника өндіру зауытын салу, сондай-ақ «ТURKISTAN» АЭА аумағын 973 гектарға ұлғайту және басқалары көзделген 26 іс-шара жоспарланған.

Жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 3,6 триллион теңге, оның ішінде жеке инвестициялар — 2,7 триллион теңге, 530,6 миллиард теңге республикалық бюджеттен, 348,5 миллиард теңге жергілікті бюджеттен.

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь