Спорт бойынша қосымша сабақтар өткізетін мұғалімдерге бөлек ақы төленбек

0
1296

Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті компонентті енгізу бойынша қандай жұмыстар іске асырылып жатқанын айтып өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Үкіметтің 2020 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарына сәйкес, бұқаралық спортты дамыту мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заңның және бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы әзірленді. Дене шынықтыру мен спортты дамыту, сондай-ақ, дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың санын арттыру мақсатында бірқатар іс-шараларды іске асыру көзделген, – деді министр.

Жиында Ақтоты Райымқұлова аталмыш жобаны жүзеге асыру мақсатында балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубтары және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің желісін кеңейтуді, білім берудің барлық деңгейлерінде дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті компонентті енгізілетіндігін жеткізді.

Сонымен қатар, министр дене шынықтыру және спорт бойынша сыныптан тыс сабақтарды жүргізгені үшін мұғалімдерге қосымша ақы енгізу, халықпен жұмыс істеу үшін спорт нұсқаушыларын штаттық бірліктермен қамтамасыз ету қарастырылғанында айтып өтті.

Мұнымен қоса, оқушылар арасында дене шынықтыру мен спорты танымал ету арқылы спорттық жарыстар санын арттыру шаралары жүзеге асырылмақ.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, заң жобасын Парламентттің қарауына 2020 жылғы сәуір айында енгізу жоспарланып отыр.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь