Шымкентте тегін берілетін дәрі-дәрмекті сатқан қойма анықталды  

0
609

Шымкент қаласында дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың онға жуық жағдайы анықталды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының Полиция департаменті қала аумағында карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, жоғары сұранысқа ие болған респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен тұрғындарды анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың онға жуық жағдайы анықталды.

Жедел шаралар барысында Әлімқұлов көшесінде бес үйдің ауласында үш қойма анықталды. Тексеру барысында полиция қызметкерлері фармацевт мамандарды шақырды, оларға қойма иесі дәрі-дәрмектерді сатуға арналған арнайы лицензиясын көрсетті. Алайда бұл лицензия басқа ғимаратқа арналған болып шықты. Аталған қоймаларда дәрі-дәрмектер заңсыз сақталған. Фармацевт мамандар қоймадан табылған дәрі-дәрмектерді үш топқа бөліп, әрбір дәрінің қайда қолданылатыны туралы түсінік берді.

Бірінші топ – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген және сатуға рұқсат берілмеген дәрі-дәрмектер. Олар «Конвулекс», «Энцефобол», «Алоэ экстракт инъекция үшін» және тағы басқалар. Екінші топ – респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған жоғары сұранысқа ие болған дәрі-дәрмектер. Олар «ЦЕФ 3», «Цефтриаксон», «Ингавирин», «Гордокс», «Дексаметазон» және тағы басқалар. Үшінші топ – Қазақстан Республикасында медицинада тіркеуде тұрған азаматтарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер. Олар «Депакин», «Методжект» және тағы басқалар. Сондай-ақ қоймада дәрі-дәрмектердің сақталуына ешқандай жағдай жасалмаған және дәрілерді сақтау талаптарының өрескел бұзылғаны анықталды. Фармацевт мамандарының қатысуымен 229 дәрі-дәрмек түрі айғақты зат ретінде алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь