Шымкентте тарихи тұлғалардың ескерткішіне медициналық бетперде кигізген

0
82

Желіде Шымкент қаласындағы беті медициналық бетпермен жабылған Абай мен Тұрар Рысқұловтың ескерткіштерінің суреттері пайда болды, олардың беттері жартылай ақ матамен жабылған. Қала тұрғындары мен блогерлер бастаманы сынға алып, идея авторларының істеріне наразылықтарын білдірді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

– «Абай атам: «Өй, әкеңді ұрайындар Наурызды 572 миллионға тойлап алып, көрде жатқан маған бетперде тағып құтылайын дедіңдер ме? Бұндай кретивтерің әкесін ұрайын, маған бетперде тағуға миларың жетіп, тойламауға миларың жетпеді ме? Әлде «Мақтаншақ бекер, мал шашып жүргендеріңе мен жауап беруім керек пе?, – деп айтқысы келіп жатқан шығар ия?», – деп жазды Ұлттық кеңестің мүшесі Әйгүл Орынбек.

Ескерткіштерге бетперде тағу идеясы Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына тиесілі екені белгілі болды. Ведомство бұл мақсаттарға бюджеттен бір тиын жұмсалмағанын айтты.

– Онда бірнеше метр мата және ТКШ басқармасында бар арнайы техника қажет болды. Көптеген елдерде мұндай акциялар болып жатыр. Біз де жасап көруді шештік. Бірақ, адамдарға ұнамады, біз алып тастадық, – деді ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Мөлдір Кеуенова.

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь