Шарын шатқалында аман қалған қыз бала марапатталды

0
394

29 мамырда Алматыда Шарын шатқалында қысқа мерзімді нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқыны кезінде аман қалған 11 жасар Зере мен оның ата-анасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің Алғыс хатымен марапатталды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ztb_kazakhstan әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап.

Алғыс хатты Министрдің атынан Алматы қаласы ТЖ департаментінің бастығы Руслан Қасыбаев табыс етіп, Зеренің ата-анасы – Ұлан Бисембайұлы мен Жания Шымырбекқызына батыл, ержүрек қыз тәрбиелегені үшін, ал кішкентай Зереге төтенше жағдайларда төзімділік, қайсарлық және өмір сүру әдістерін дұрыс қолданғаны үшін алғыс айтты.

– «Алматы қаласындағы №199 гимназиясының оқушысы Бисембай Зере Ұланқызы табиғи апат салдарынан қауіпті жағдайға тап болып, орын алған жағдайларды байыппен сабырлы бағалап, өмір сүрудің практикалық дағдыларын қолдана білді. Бұл жағдай еліміздің азаматтары үшін өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын игеру және батылдық, байсалдылық және күйзеліске қарсы тұру сияқты тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеуде үлгі болып табылады», – деп жазылған министрдің хатында.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь