Шамалған округі үздік ауылдардың қатарына енді

0
2889

Жыл өткен сайын дамып, көркейіп келе жатқан ауданымызға қарасты Шамалған ауылдық округі еліміздегі 30 үздік ауылдардың қатарына кірді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Таяуда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шығарылған «Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомы жарық көрді. Өткен аптаның сенбісі күні Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында аталмыш кітаптың тұсау кесері өтіп, оған Ұлттық экономика вице-министрi Әлішер Әбдіқадыров, Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс пепутаты Мақпал Мыса, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов пен Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев қатысты.

Таяуда жарық көрген жинақтың авторы «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры, ақын Мұратхан Шоқан айтуынша, бұл жинақ үздік ауылдарды өзге ауылдарға үлгі-өнеге етіп, ауылын көркейтуге өлшеусіз үлес қосып жүрген іскер азаматтарды дәріптеуге бағытталған. Оны жазу үшін Мұратхан Шоқан жаз бойы елімізге қарасты облыстарды аралап, күн санап көркейіп, гүлденіп келе жатқан ауылдар жайлы ақпарат жинаған. Аталмыш жинаққа біздің ауданымызға қарасты Шамалған ауылдық округі де енгізілген. Кітапта күн санап көркейіп, гүлденіп келе жатқан ауылдың жетістіктері көрсетілген.

Осы ретте бүгін аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Шамалған ауылдық округінің әкімі Ержас Тоқтасынов ауданның алға басып, дамуына және де өзге аймақтарға үлгі болуына үлесін қосып жүрген аудан басшысы Жандарбек Далабаевқа Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқанның атынан ризашылық білдіріп, Алғыс хат табыс етті.

Айта кетейік, аумағында ауданымыздағы ең ірі «Үшқоңыр» спорт кешені, ҚР Тұңғыш Президенті «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы сияқты нысандар орналасқан округ ауданымыздағы қарқынды түрде дамып келе жатқан елді мекендердің бірі. Бүгінде ауылдың экономикасы мен өнеркәсіп салалары жетілуде. Округ жастарына арналып, мектептер, саябақтар, «Work Out», «Street Workout» алаңдары салынуда.

Жергілікті тұрғындардың жағдайын жасау мақсатында округ бойынша түрлі нысандардың іргетасы қаланып, нәтижелі жұмыстар атқарылуда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь