«Үшқоңыр» ансамблі Береке ауылында өнер көрсетті  

0
555

«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламалары аясында күрделі жөндеуден өткен мәдениет нысандарында облыстық концерттік ұжымдардың халыққа тегін концерт беру туралы облыс әкімінің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында бүгін Береке ауылдық мәдениет үйінде «Үшқоңыр» этно-фольклорлық ансамблі   «Ауылым – ел бесігі»  атты концерт қойды, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы.

Өткен жылда аталған бағдарлама аясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп,  28 жылдан кейін қайта жанданған Береке ауылдық Мәдениет үйіндегі бұл  алғашқы концерт.  Шара барысында қазіргі еліміздегі ахуалға байланысты, барлық санитарлық талаптар мен арақашықтық та қатаң сақталды.  Пандемия кезіндегі шектеулерге байланысты араға уақыт салып жолыққан бес жылдық тарихы бар өнер ұжымын тұрғындар ерекше ықыласпен қарсы алды. Аудандық мәдениет бөлімі жанынан құрылған ансамбль алғашқы қаз тұрып, қадам басқан уақытынан бері  жұрт назарын аударған жақсы жоба ретінде танылды деп атап айтуға әбден болады. Қазіргі таңда Динара Маметекова жетекшілік ететін «Үшқоңыр» этно-фолькрорлық ансамблі өткен жылы аудан әкімінің өкімімен  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып аталған болатын. Жаңа атау да жеткен жетістіктері жетерлік.  Сонымен өнерпаздар  бұл ауылдағы  концерттік бағдарламасын рух беретін, қазақы қаныңды тулататын «Қарасай» музыкалық  композициясымен ашты. Осы орайда Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу», Архат Қуаншалиевтің «күрескер» сияқты күйлерінің құдіреті де көрермендерді ерекше баурап алды. Сондай-ақ, ансамбльдің дәстүрлі  әншілер  тобы да бірнеше әсем әнді әуелетіп, құлақ құрышын қандырды. Осылайша  «Үшқоңыр» ансамблі майталмандарының әуелете салған әндері мен  мың бұрала билеген биші қыздардың көрінісі «жақсы көңіл-күй сыйлайықшы» деген ерекше ықыластарын байқайтты.

Мерейлі жиынның қорытынды сөзін сөйлеу үшін сахнаға көтерілген  аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова осы жолғы концерттік бағдарламада ерекше дайындықтарын бағалап, олардың қоғамға рухани байлық сыйлау мақсатындағы үлкен үлестерін сөз етіп, өзінің де жан дүниесі осы салаға жақын екендігін әңгімеледі. Концерттің соңы Т. Тұрысбеков сөзі мен Е. Көшербаев    әніне  жазылған «Үшқоңыр» әні орындалып, осы тамаша өнер кешінің нүктесі қойылды. Мұнан кейін  көрермендердің қызу қошеметі аясында ансамбльге зор құрметті білдіретін, ортаға ауданымыздың басшысы атынан ықылас  гүлі әкелініп, өнерпаздарға  табысталды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь