«Селқос қарамауды сұраймын!» Бекшин ата-аналарға үндеу жасады  

0
209

Алматы қаласы санитариялықэпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин алматылық атааналарға үндеу жасады,  деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті ата-аналар, балалардың денсаулығына селқостықпен қарамауларыңызды сұранамын! Мектеп жасындағы дәстүрлі түрде оқып жатқан балалардың арасында коронавирус жұқтырғандардың өсуі байқалып отыр», — деді Алматының бас санитар дәрігері Өңірлік ОКҚ онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, бұған сабақтан тыс уақытта компьютер клубында немесе басқа да жабық жерлерде жиі болуы бірден-бір себеп болып тұр.

«Сонымен қатар отбасы мүшелерінің де коронавирус инфекциясын алып келуі де жоққа шығарылмайды. Яғни, клубтар, ресторандар және тағы басқа адамдар көп жиналатын жиындардан алып келетіні анықталып отыр. Осы қарапайым талаптарды орындау қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі және эпидемиологтардың жұмысын жеңілдетеді. Өзіңізді және басқаларды COVID-19-дан қорғаңыз», — деді ол.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь