Сапарбаев халыққа есеп беру кезінде елтаңба құлаған жағдай туралы пікірін айтты  

0
152

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуінде мінбердегі елтаңбаның құлауына қатысты мән-жайды айтты, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Еске салайық, Жамбыл облысы басшысы 19 ақпанда онлайн форматта халық алдында есеп беру кездесуін өткізген болатын. Тікелей эфирде аймақ тұрғындары әкімге сұрақтарын қойды. Бір сағаттан аса уақыт өткен соң облыс тұрғыны тағы бір сұрақ қойды. Алайда Сапарбаев жауап беруді бастаған сәтте әкім мінберіндегі елтаңба құлап қалды.

Аймақ басшысы көмекшілеріне елтаңбаны көтеруді тапсырды, бірақ микрофонды өшіруді ұмытып кеткен. Оны бір секундтан кейін өшірді. Бәрі орнына келгеннен кейін Сапарбаев сұраққа жауап беруді жалғастырды. Бірақ микрофон өшірулі болған. Оны модератор қосып берді.

«Бізде бір нәрсені тауып алады да, қоймайды сосын. Мен былай айтар едім: «Сапарбаев патриот емес» дейді ғой мысалы. Мен сол адамға: «Сен патриот болып Қазақстанға не істедің? Өзіңнің ұлтыңа не істедің, айтшы? Нағыз патриотсың, сөйлегенде қатырасың» дер едім. Мен 30 жылда кішкене еңбек еткен шығармын. Біріншіден, қазақ ретінде, екіншіден, Қазақстан азаматы ретінде.

Ал елтаңбаға байланысты, үстіме бәрін қойып қойды (петличка-еск.). Есебім ғой, мен арғы жерде есеп беріп тұрмын. Біреу сұрақ қойды. Бір уақытта бір нәрсе салдыр-гүлдір ете қалды. Сосын мен жігіттерге «Мынаны алсаңдаршы» дедім. Мен оны елтаба екенін білген жоқпын, алдымда (мінбердің алдында-еск.) тұр ғой, мен бергі жағында тұрмын. Мен оған бару үшін мынаның бәрін шешуім керек. Сөйтіп баруым керек. Оны көтерді, қарасам елтаңба. Оған мән берген жоқпын, ары қарай жалғасып кетті», — деді Сапарбаев журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Желіде кездесу модераторы журналист, «Jambyl» телеарнасының директоры Мейіржан Жиенәлінің де болған жайтқа байланысты реакциясы қызу талқыланған болатын. Жүргізушінің реакциясы видеоға түсіп қалған. Оны әкімнің есеп беру кездесуін жүргізуге және тұрғындар сұрағын оқып беруге шақырған.

Мейіржан Жиенәлі тікелей эфир кезінде мұндай оқиға болады деп күтпегенін айтты.

«Елтаңба құлаған сәтте мен әкімге қоятын сұрақтарымды дайындап тұрғанмын. Шынымды айтсам, кенеттен тарс еткен дыбыстан қорқып қалдым, сондықтан өзім күтпеген реакция болды және оны бәрі байқады. Елтаңбаның құлаған дауыс қатты шықты. Әкім де мұндай жағдайды күтпеген еді», — деген еді журналист.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь